«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Жас қылқалам шеберлері» тақырыбындағы облыстық байқау көрмесі ұйымдастырылды

Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Жас қылқалам шеберлері» тақырыбындағы облыстық байқау көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты балалардың талантын ұштап, шығармашылық өнерлерін халыққа таныту, сурет салуға икемі бар, талабы мен шеберлігі жоғары, қылқалам иесі болуға үміткер жас дарынды балалардың талабын ұштау. Бүгінгі ұрпақ – ел ертеңі. «Жас қылқалам шеберлері» тақырыбындағы облыстық байқау-көрме 2 турдан тұрды. Бірінші турында қала мектептерінен барлығы 129 оқушы «Қиялымдағы қала» тақырыбында сурет тапсырды. Соның ішінде 23 оқушы байқаудың 2-ші кезеңіне жолдама алған болатын. Олар музейдің үлкен көрме залында сурет салып шеберлігін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған №17 мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы Дильназ Махмутова, «Эмилия» оқу орталығының 2 сынып оқушысы Нұрай Марат және №12 Ф.Досымова орта мектептің 7 сынып оқушысы Гүлнаргиз Өтеген  Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейіндегі ақылы бейнелеу өнері студиясына 6 айға тегін оқу сертификатына ие болды. Ал бұдан бөлек 19 оқушы әділқазылар алқасының шешімімен ынталандыру есебінде алғыс хатпен марапатталды және түстен кейін шеберлік сағатына қатысты. Белгілі суретшілер ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Давлетьяров Манарбек Шарифуллаұлы және суретші-мұғалім Дәукенов Елеуғали Тұрсынғалиұлы музейдегі ақылы бейнелеу өнері студиясында 6 айға тегін оқу сертификатын жеңіп алған байқау-көрменің жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен сертификат табыс етті. Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі басшысының орынбасары Сафиоллаев Райымбек Әділгерейұлы «Жас қылқалам шеберлері» атты байқау көрмеге қатысушы талантты дарын иелерін бүгінгі жүлдесімен құттықтап, алдағы уақытта музейдегі бейнелеу өнері студиясында білімін ұштайтын жас жеткіншектерге, олардың жетекшілеріне жетістіктер тіледі. Балалар қылқаламынан шыққан туындылар олардың өнерге деген ықыласы мен талабы, ерекше дарыны мен қабілеті бар екенін анық аңғартқандай. Олардың түс пен ырғақты тамаша сезінуі қуантады. Байқау соңында барлық қатысушы балалар мен жетекшілері, ата-аналары жас өрендердің қылқаламынан ұшталып, өнерімен өрнектелген жұмыстарын көрме залынан тамашалады. Тамашалағандар саны: 72 адам.

 

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ