«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ
ШАЙМАРДАН САРИЕВ АТЫНДАҒЫ
КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ-СӘНДІК ӨНЕР МУЗЕЙІ» КМҚК

«Әлем балалар көзімен» атты ашық аспан астында сурет салу пленэрі

2025 жылғы 30 мамыр күні балалар мен жасөспірімдер арасында “1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне” орай «Әлем балалар көзімен» атты ашық аспан астында сурет салу пленэрі өтті.
Шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, табиғатпен үйлесімде өнерге баулу және бейбіт әлем, достық, мейірімділік туралы түсініктерін сурет арқылы жеткізу.
Пленэрге  әр жастағы музей жанындағы студия оқушылары  қатысты. Қатысушылар өз қиялындағы әлемді қағаз бетіне түсіріп, ашық ауада шабытпен жұмыс жасады. Балалар салған суреттерден бейбіт өмірге деген үміт, таза болашаққа сенім көрініс тапты.
Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.  
Бұл пленэр – балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, дүниеге мейірімді көзқараспен қарауға тәрбиелеудің жарқын мысалы болды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
sariev_museum@mail.kz
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ