2025 жылдың 17 маусым күні Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен Baaizar сауда орталығында «Бояулар әлемі» атты жылжымалы көрме өтті.
Көрменің мақсаты - Атырау тұрғындары мен қонақтарын музей туындыларымен таныстыру, өнерге деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ, Атырау және Қазақстанның басқа аймақтарынан шыққан белгілі суретшілердің еңбектерінің танымдылығын арттыру. Жылжымалы көрмеде 14 туынды таныстырылды.
Көрме барысында қызығушылық танытқан жергілікті тұрғындар мен шетелдік азаматтар өз ойларымен бөлісіп, жақсы пікір қалдырды.