«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ
ШАЙМАРДАН САРИЕВ АТЫНДАҒЫ
КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ-СӘНДІК ӨНЕР МУЗЕЙІ» КМҚК

«Асқар тауым ардақты» атты музей қоры туындыларынан көрме

2025 жылдың 18 маусым күні Ш. Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Халықаралық әкелер күніне арналған «Асқар тауым ардақты» атты музей қоры туындыларынан көрме өтті.

Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарға, қоғамдағы әкенің рөліне деген құрметті тәрбиелеу, ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік идеяларын дәріптеу, сондай-ақ бейнелеу өнері арқылы мәдени мұраны сақтау және жеткізу.

Әке – отбасының тірегі, күш, даналық және тәрбие көзі. Бейнелеу өнерінде ол жауапкершілік пен дәстүрлі өмір салтының символы ғана емес, сонымен қатар отбасының қазіргі өмірінің белсенді қатысушысы ретінде де көрінеді. Қазақстанда 2023 жылы ресми түрде бекітілген Әкелер күні маңызды отбасылық тақырыптарды жаңа көркемдік тұрғыдан түсіндіруге себеп болды.

Көрмеге музей қорынан алынған туындылар ұсынылды:

Айса Утаралиев. «”Портрет Т. Досымова”». Бұл картина ақын және бард – Табылды Досымовқа арналған. Оның кітаппен және гитарамен Жайық өзенінің аясындағы бейнесі рухани әкелікті және ұрпаққа мәдени ықпалды бейнелейді. Портрет құрмет пен жылулыққа толы.

Еркін Бозжігітов. «”След, оставленный отцом”». Бқл картинада сарбаздың әкесімен және отбасымен қоштасу сәті, саз балшықтағы жалаң аяқтың ізі – жадының метафорасы ретінде дәріптелген. Картина патриотизмге, құрбандарға деген құрмет пен ерлікке деген ықыласқа толы, ұрпақтар байланысын және әкелердің Отан тағдыры үшін жауапкершілігін еске салады.

Сондай-ақ экспозицияда Әділғали Баяндиннің «Жас отбасы», Қамбарбек Амановтың «”Сумерки”», Әділғали Баяндиннің «Отбасы» және Сейсенхан Маханбетовтың «Жас отбасы» еңбектері отбасылық құндылықтар, тұрмыс және ұрпақтар сабақтастығы тақырыптарын көрсететін туындылары ұсынылды.

Көрмеге Атырау көлік және коммуникация колледжінің жанынан құрылған жаздық лагерьдің балалары мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
sariev_museum@mail.kz
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ