«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

ОНЛАЙН-БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі жалпы білім беретін Атырау қаласындағы мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында «Біз біргеміз!» тақырыбындағы суреттердің онлайн-байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: қазіргі таңда елдегі жағдайға байланысты әлемді жайлаған індетпен күресте жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген әр сала мамандарының, мейірімді жандардың еңбегін бала қиялымен ақ қағаз бетіне түсіру; республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясындағы әртүрлі шараларды дәріптеп, тәуекелге бел буған мамандар еңбегін ұлығылау әрі оларға алғыс білдіру.

Онлайн-байқауға Атырау қаласында тұратын, сурет салуға икемі бар, талабы мен шеберлігі жоғары, қылқалам иесі болуға үміткер 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Бір оқушы бір ғана жұмыс тапсырады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған 3 оқушы Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейіндегі ақылы бейнелеу өнері студиясына 6 айға тегін оқу сертификатына ие болады.

Жұмыстың жасалу талабы:

- Байқауға арналған туынды тақырыпқа және эстетикалық талапқа сай болуы тиіс;

-А-3 форматта (қарындаш, акварель, гуашь).

Байқауға қатысу шарты: байқауға қатысушылар өздері туралы мәліметті төменде көрсетілген кестеге сәйкес толтыруы тиіс.

ӨТІНІМ:

-Аты-жөні, тегі;

-Шығарманың тақырыбы;

-Электронды поштасы, ұялы телефоны;

-Мектебі, мекен-жайы.

Өтінім 2020 жылдың 28 сәуірге дейін қабылданады. Қатысушы өз жұмысын сапалы фотосуретке түсіріп, өтініммен қоса музейдің Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына және суретті салу сәтіндегі бейнежазбаны +7 701 6883013 Whats App желісіне жолдауы тиіс. Байқауға қатысушылар туындыларын қазылар алқасы сараптап, үздік үш оқушыны анықтайды. Жеңімпаздар Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі жанындағы ақылы көркемөнер студиясына өзі қалаған 6 айға тегін оқу сертификатына ие болады. Жеңімпаз оқушылар туындысы музейдің Facebook https://www.facebook.com/profile.php?id=100011081016693 және Instagram https://www.instagram.com/museum_atyrau/ әлеуметтік желілерінде 2020 жылғы 30 сәуірде жарияланады.

 

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ