«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ
ШАЙМАРДАН САРИЕВ АТЫНДАҒЫ
КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ-СӘНДІК ӨНЕР МУЗЕЙІ» КМҚК

Тоғысбаев Тоқболат Төленбайұлының туғанына 85 жыл толуына арналған «Үздік танымда» тақырыбында дәріс-сағат өтті

2025 жылы 04 қыркүйекте Ш. Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, кескіндемеші-суретші Тоғысбаев Тоқболат Төленбайұлының туғанына 85 жыл толуына арналған «Үздік танымда» тақырыбында дәріс-сағат өтті.

Дәріс-сағаттың мақсаты – кескіндемеші-суретші Тоғысбаев Тоқболат Төленбайұлының музей қорында сақталған туындыларымен таныстыру және жалпы суретшінің еңбек жолында жазған басқа да туындылары жөнінде мәлімет беру.

1940 жылы 5 қазанда Шымкент облысы Леңгір ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келген суретші Тоқболат Тоғысбаев өзінің туған жерінің көркемдік дәстүрімен терең тамырлас еді. Кейіннен бұл мекеннің «суретшілер ауылы» атануы да заңдылық болатын. Себебі дәл осы құнарлы топырақтан қазақ бейнелеу өнерінің саңлақтары – Бексейіт Түлкиев, Темірхан Ордабеков, Ерболат Төлепбаев сынды қылқалам шеберлері түлеп ұшты. Сөйтіп табиғаты сұлу, рухани қуаты ерек бұл мекен өнердің тылсым сырын ұғынған жандардың бесігіне айналды.

Тоқболат Тоғысбаев кескіндемелерінде біртұтас белгілер жүйесін қалыптастырды. Оның туындыларында дала, адамдар мен тұрмыстық заттар қазақ дүниетанымының көпқабатты символдарына айналады. Оның кескіндемелік стратегиясын түске деген құштарлық айқындады. Ол тек образ салумен шектелмей, балалық шағынан бері жанына жақын, өмірінің ажырамас бөлігіне айналған көріністерді бейнеледі.

Дәріс-сағатта суретшінің ««Іздеуші»», «Өнертапқыш», «Ойшыл» атты музей қорында сақталған туындыларына сипаттама берілді.

Дәріс-сағатқа Атырау жоғары көпсалалы Болашақ колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Дәріс-сағат барысында студенттер қызығушылық танытып, өзара сұрақ-жауап алмасты.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
sariev_museum@mail.kz
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ