«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Ұлы Жеңіске 75 жыл

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына - 75 жыл. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, сұм соғыс пен оның зардаптары да ешқашан естен шықпайды. Ұлы Жеңіс – сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.

Ендігі мақсат қолда барды жоғалтып алмай, Жеңіс тағылымын, жеңіске бағытталған ерлік ісі туралы тарихи құжаттар мен жәдігерлерді, музейлер төрінен орын алған талай туындыларды бүгінгі және келер ұрпақ қолына аманаттап, табыстау. Сол арқылы елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде жергілікті суретшілердің отты жылдар жаңғырығына айналған жеңіс сырын шертетін шежіре – жәдігерлері, яғни суреттер сақталған. Ол туралы музейдің ғылыми қызметкері Әсел Мұханжан онлайн-экскурсияда таныстыратын болады.

http://shaimardan.kz/kk/?fbclid=IwAR0QbD749FhX4iJj2mXWMiJy8ozjXSkY4PdOY-55ylOkN1tBAdyM6cBz8kM

#бізбіргеміз

#үйдеболыңыз

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ