Қалиев Нұрсұлтан Молдағұлұлы
Туынды дөңгелек пішінде орындалып, табиғи ағаштан жасалған. Сақина тәрізді композицияның орталық бөлігі домбыраның шанағы түрінде ойып жасалған. Оң жақта айқастыра отырған күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлы бейнеленсе, сол жақта — ол ат үстінде, ауыл-ауылды аралап, кең даланың төсінде күйлерін орындап жүрген күйде көрсетілген. Композицияның шеті дәстүрлі қазақ ою-өрнектерімен безендірілген.
Материалы: ағаш, алюминий металы, сүйек










