Әлібай Берік Сәтінбекұлы
Шоқпар тұтас металдан соғу әдісімен жасалған. Оның сабы көпқырлы пішінде орындалып, берік ұстауды қамтамасыз етеді әрі соққы күшін арттырады. Ұрғыш бөлігі цилиндр тәрізді, беті тығыз әрі ойып жасалған геометриялық өрнектермен ұқыпты безендірілген. Саптың төменгі бөлігіне өрілген былғары бау бекітілген.
Материалы: тері, темір.









