1985 жылдан бері қолөнермен айналысып келеді. 2006 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітірген. 1997 жылы ЮНЕСКО көлемінде өткен Қазақстан қолөнершеберлерінің дипломанты. 2001 жылы «Тәуелсіз елге – өркенді өнер» атты облыстық байқаудың 3 дәрежелі дипломанты. 2002 жылы ЮНЕСКО көлемінде өткен «Махамбет менің көзіммен» атты байқаудың 1 дәрежелі дипломанты. 2005 жылы «Қолөнер – Еуразия мәдениетінің ажырамас бөлігі»атты халықаралық фестиваль көрмесінің дипломанты. Ағаш,сүйек, тері, металл қолдану арқылы ұлттық нақыштағы бұйымдар жасайды.