«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Мусина Халифа Сейтжанқызы

1959 жылы 28 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Алматыдағы Н.Гоголь атындағы Көркемсурет училищесін, 1986 жылы Алматы Мемлекеттік театр-өнер институтын тәмамдаған. Қазақстан Суретшілер одағының, Дизайнерлер одағының мүшесі.

2007 жылы Эстонияның Таллин қаласында өткен «MAX MODA-2007» халықаралық фестивалінің дипломанты атанған. 2009 жылы Италияда өткен «Culture and Arts of Midetteranean and Afriatic regions» фестивальінің сертификатымен марапатталған. 2015 жылы Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына орай өткен «New-Retro ART» республикалық пленэр-шеберлік сағатының сертификатымен марапатталған. 2016 жылы өткен Тараз қаласында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап өткізілген «нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің республикалық конкурсының дипломанты болды. 2017 жылы Башқұртстанның Уфа қаласында өткен IV халықаралық «Уфа-Ладья. Арт. Ремесла. Сувениры» атты жәрмеңке-фестиваліне қатысып, дипломмен марапатталған. 2017 жылы Тараз қаласында «Неофольклор» атты республикалық конкурсқа, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмеге қатысқан. 2019 жылы «Қазақ өнерінің қайраткері» куәлігімен марапатталған. 2019 жылы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде "Халифа" тақырыбындағы жеке көрмесі өтті.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ