«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Эксузьян Надежда Павловна

1958 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Назаровка селосында дүниеге келген. Ермак қаласындағы кәсіптік училищесінде электрослесарь мамандығын тамамдаған. Мәскеу өнер университетінде сәндік безендіру және кескіндеме факультетінде сырттай оқыған. Атырау көлік басқармасында суретші-безендіруші қызметін атқарған.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын ұлығылау мақсатында және қаржыгерлер күніне орай «Ақжелкен» шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Ұлттық валюта – теңге» атты көрмеге белсене қатысқаны үшін, ал 2012 жылы «Халықаралық музейлер күніне» орай ұйымдастырылған «Мұражай – мұралар ордасы» атты қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесіне қатысқаны үшін алғыс хаттармен, «Қазақстан мен Украина Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған» «Мій рідний краю» атты ХІ облыстық Украина фестивалінде халық шығармашылығы бойынша дипломмен марапатталған.

2013 жылы «Ашық аспан вернисаж аллеясы» атты қолданбалы өнер көрмесіне қатысып, Бас жүлдені жеңіп алған. 2014 жылы Саратов қаласында өткен «Музыка души» атты көрмеде алғыс хатпен марапатталған. 2015 жылы «Атыраудың сырлы жауһарлары» атты қыз-келіншектер көрмесіне белсене қатысқаны үшін алғыс хат ұсынылған.

2016 жылы Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Ашық аспан астындағы вернисаж аллеясы» атты қолданбалы өнер көрмесіне белсенді қатысқаны үшін дипломмен, 2019 жылы «Бүкіләлемдік поэзия күніне» арналған «Поэзии чарующие строки» атты конкурста грамотамен марапатталған.

Сонымен қатар Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 2014 жылы өткен «Пусть теплый и ласковый вечер коснётся твоей души» атты және 2017 жылы өткен «Оранжевые мечты» атты көрмелерде алғыс хатпен марапатталған. Бүгінде Н.П.Эксузьянның қолөнер жұмыстары мен картиналары Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің қорында сақталған.

 

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ