1976 жылы 13 наурыз Атырау қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Алматы қаласындағы №15 КТУ, суретші-безендіруші мамандығын, 1999 жылы Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және сызу мамандығын тәмамдаған.
ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Ұлттық дизайн академиясының академигі. "Үздік автор"," Өнер саласының үздігі", «Өнерге қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталған. Көптеген байқау-көрмелердің қатысушысы.