Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалінің және ҚР Суретшілер Одағының «А.Қастеев» медалінің иегері.
1959 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген.
1993 жылдан Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің сызу және кескіндеме пәнінің оқытушысы. Көптеген қалалық, облыстық, республикалық көрмелердің қатысушысы.