1971 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген. 2014 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын тәмамдаған.
Суретшілер Одағының мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, «TURAN-QAZAQ» суретшілер консолидациясы халықаралық сыйлығының лауреаты. Түрік Республикасы Солтүстік Кипрде өткен жеке көрмесінде «Күміс кілт» белгісімен марапатқа ие болған. 2007 жылдан көрмелердің қатысушысы.