1979 жылы Қытай халық республикасында туылған. 2005 жылы Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА станоктік кескіндеме мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушысы. Суретшінің туындылары қазіргі таңда Қазақстан, Түркия музейлері қорларынан орын алған. Көптеген Республикалық және Халықаралық көрмелерге қатысып дипломдар мен алғыс хатқа ие болған.