Аманов Қамбарбек Хасенұлы
1951 жылы 2 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. 1972-1976 жылдары Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде оқыған. 1976-1982 жылдары Мәскеудегі В.И.Суриков атындағы мемлекеттік көркемсурет институтында оқып білім алған. Атырау облысына 1983 жылы Қазақстан суретшілер одағының арнайы жолдамасымен келген.
1984 жылы КСРО Суретшілер Одағының мүшесі.
1987 жылы Арменияда өткен бірінші Бүкілодақтық кескіндемешілер плэнеріне қатысқан.
1988 жылы Атырауда өзінің бірінші жеке шығармашылық көрмесін өткізген.
1999 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті.
2001 жылдан бері ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, 2009 жылдан ҚР көркемсурет академиясының мүше-корреспонденті, 2011 жылдан ҚР Көркемсурет академиясының академигі.
2013 жылы ҚР Мәдениет саласының үздігі төс белгісімен марапатталған.