Жапалова Камила Әбенқызы
1972 жылы 13 ақпанда ОҚО Түркістан қаласында дүниеге келген.
ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының мүше-корреспонденті, ҚР Мәдениет қайраткері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті.
1993 жылы Шымкент қаласындағы Ә.Қастеев атындағы көркемсурет училищесін тәмамдаған. Санкт-Петербург көркемсурет училищесінде және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Дизайн» мамандығы бойынша білім алған.
2002 жылы Францияда өткен Дүниежүзілік суретшілер көрмесіне қатысқан.
2007 жылы өткен халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Біріккен Араб Әмірлігінде өткен шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаян атындағы халықаралық мәдени мұра фестиваліне, 2016 жылы Германияның Мюнхен қаласында өткен Наурыз көрмесіне қатысқан.