Слекенов Рафаэль Оразбайұлы
1973 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Музыка және бейнелеу өнері» факультетін тәмамдаған.
2001 жылы ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, 2007 жылдан бастап КөркемөнерАкадемиясыныңмүше-корресподенті. «Тарлан» сыйлығының иегері.
2000 жылы «Жігер-2000» Халықаралық фестивалінің ІІІ орын иегері.
2001 жылы өткен ІҮ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің І орын иегері.
2008 жылы Польша мәдениет министрлігінің шәкіртақысын иеленген.
2010 жылдан Стокгольм қаласындағы «Mirca Art Group» Халықаралық суретшілер ассоциациясының мүшесі. Италия, Ресей, Шотландия елдерінде өткен көрмелерге қатысқан.
2007 жылы Польшаның Варшава қаласында өткен халықаралық «Пространство» атты суретшілердің пленэріне, 2008 жылы Лодзь қаласында өткен «Ади-Арт» халықаралық Арт-форумына қатысқан.
2015 жылы Римде өткен халықаралық «Romart» көркемсурет биеналлесіне қатысқан. Қазақстанның көптеген қалаларында жеке шығармашылық көрмесі өткен.