«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Ұлы Жеңістің 75 жылдығына» арналған «Жеңісті мамыр» тақырыбында аймақтық байқау көрме

Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Ұлы Жеңістің 75 жылдығына» арналған «Жеңісті мамыр» тақырыбында 2020 жылғы ақпанның 10-да аймақтық байқау көрме жарияланған болатын. Байқау-көрменің өтетін уақыты жоспар бойынша 5 мамырда ұйымдастырылуы керек болатын, бірақ елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты кейінге шегеріліп, онлайын түрде нәтижесі шығарылды.
Шараның мақсаты: біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан майдангерлерді, жеңісті ұлықтау, тарихқа көз жүгірту; аймақтық суретшілердің басын біріктіріп, бейнелеу өнерін насихаттау, қоғамға суретшілердің жетістіктері мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру. Талай боздақтардың өмірін қиған, талай шаңырақты ортасына түсірген соғыс өртінің өшкеніне 75 жыл уақыт өтсе де, оның салған жарасы әлі де жазылар емес. Отан үшін жігерін жасытпаған, рухын көтеруден басқа көкейінде ой да болмаған, арпалыс өмірді бастан кешірген ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қандай құрметке де лайық. Әрине, бұл қырғынға қатысқан әр жауынгер Ұлы Жеңіс күніне жету үшін қасық қандары қалғанша арпалысты. Өйткені, жауынгерлер ерлігі теңдессіз ғажайып күшке теңелді. Ол күш әрине «бірлік». Өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух беретін ардагерлер ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына - 75 жыл. Ұлы Жеңіс жаңғырығы ешқашан ұмытылмайды.
Байқауға қазылық еткен соғыс тақырыбында бірнеше кітаптары жарық көрген жазушы, ҚР Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының Академигі Өтепберген Әлімгереев, ҚР Суретшілер және Дизайнерлер Одағының мүшесі, ҚР Көркем Академиясының мүше-корреспонденті Нұрлан Бермағамбет және Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің өнертанушысы Кәмшат Тоғаева байқауға түскен 9 суретшінің жұмысын талдады. Оның ішінде бір суретші туындысын қазылар алқасы бекітілген ережедегі жасалу техникасындағы көлеміне сай келмегендіктен, байқаудан алып тастады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды екі суретші «Следы войны, Слезы Победы!» тақырыбындағы туындысымен Әділқайыр Жантасов және «Әлия әні» атты туындысымен Елеуғали Дәукенов иеленді.
Жүлделі екінші орынды Ақтөбе облысынан «Менің атам» суретімен Марат Габдрахманов және «Қамбар батырдың соңғы шайқасы» тақырыбындағы суретімен Қамбарбек Аманов жеңіп алды.
Ал жүлделі бірінші орын иегері «Әкеден қалған із» тақырыбындағы туындысымен Еркін Бозжігітов атанды. Қалған суретшілер байқауға қатынасып, белсенділік танытқаны үшін мадақтамамен марапатталады. Барлық марапат иелерін құттықтаймыз!

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ