«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Фотосуретшілердің облыстық байқау көрмесі ұйымдастырылды

Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған ел» тақырыбындағы фотосуретшілердің облыстық байқау көрмесі ұйымдастырылды. Байқау-көрменің ашылу салтанатында сөз алған Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы фотосуретшілердің байқау-көрмесін ұйымдастырудағы негізгі мақсат Атырау өңірінің өзіне тән ерекшеліктерін білдіретін, салт-дәстүрін, демалыс орындарын, туризм үшін тартымды объектілерін, көрікті жерлерін, сұлулығын, облыс, қала тұрғындарының және Атырау туристерінің келбетін бейнелейтін фотосуреттер композициясын жасау, облыстың тарихи-мәдени киелі орындарын насихаттау екендігін атап өтті.

Қазыналы Қазақстанның мұнайлы астанасы аталып кеткен Атырау өлкесінің тарихы өте бай. Себебі мыңдаған тарихи, археологиялық мәдени ескерткіштер, монументалдық өнер туындылары тап осы Атырау жерінде тіркелген. Төл тарихты жаңаша көзқараспен терең зерделеу қажет. Ал оны танып-білуде фотосуретшілердің де қосар үлесі мол. Атырау келбетін бейнелейтін фотосуреттер композициясын жасау байқауға қойылған басты талап екендігі белгілі. Байқау-көрмеге осы мақсатта түсірілген бірнеше туынды тапсырылды. Шарада сөз алған әділқазылар алқасының төрағасы, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, жазушы, өлкетанушы Әлімгереев Өтепберген Әлімгерейұлы байқауға тапсырылған әрбір фотосурет – бір-бір фотошежіре екендігін, облыстағы тарихи-мәдени киелі орындар, ескерткіштер, демалыс орындары көптеп қамтылғанын мәлімдеді.

Байқау-көрмеге барлығы 12 фотосуретшінің 59 туындысы қабылданды. суретші, әділқазылар алқасының мүшесі Дәукенов Елеуғали Тұрсынғалиұлы 6 фотосуретшіні байқауға белсенділік танытып қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында фотоөнерді дамыту және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Туған ел» атты фотосуретшілер арасындағы облыстық байқауда жүлделі үшінші орын алған Айнұр Пернекулова, Жайлау Таласовты және екінші орын алған Бауыржан Сисенов, Ерлан Алтыбаевты өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы арнайы дипломдармен марапаттап, сертификат табыс етті.

Фотосуретшілердің облыстық байқау-көрмесінде тағы бір ерекшелік бір фотосуретшіге арнайы номинация тағайындалды. Әділқазылар алқасының төрағасы, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, жазушы, өлкетанушы Өтепберген Әлімгереев ерекше талантымен оза шауып «Айрықша қолтаңба» атты номинацияға ие болған Максим Стадниченко және байқауда жүлделі бірінші орынды жеңіп алған Еркін Қоянғалиевке арнайы диплом мен сертификат табыстады. Жеңімпаздарға қаржылай жүлде тапсырылды. Кеш қонақтары ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған ел» тақырыбындағы фотосуретшілердің облыстық байқау көрмесіне қойылған туындыларын көрме залынан тамашалап, әр туындыға қызығушылықпен жылы лебіздерін жарыса жеткізді.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ