«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Ұлттық домбыра күніне» орай «Ұлт мұрасы» тақырыбында музей қоры туындыларынан онлайн көрме

Елбасы, Тұңғыш Призедентіміз Н.Ә.Назарбаевтың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Жыл сайын аталатын бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі мол. Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 2020 жылғы 1 шілде күні «Ұлттық домбыра күніне» орай «Ұлт мұрасы» тақырыбында музей қоры туындыларынан онлайн көрме өтті. Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Домбыра күнінің белгіленуі жайдан-жай емес. Бұл рухани жаңғыру бағытындағы ең сүбелі іс. «Жаздыкүн шілде болғанда...» деп Абай атамыз айтқандай, «көкорай шалғын, бәйшешек, ұзарып, өсіп, толғанда» бүкіл қазақ даласы күмбір-күмбір күй төккей, көктегі күн нұр төккей, домбырасын қолға алғай, әуелете ән салғай... Күйші, күй, домбыра образы барлық жанрында шарықтау шегіне жеткен Қазақстанның бейнелеу өнерінде де қалды. Домбыра бейнесі мен тақырыбын ашуда көптеген қазақстандық суретшілер еңбек етті. Олардың ішінде аталған тақырып бойынша туындылар Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музей қорында көптеп кездеседі. Көрмеде Т.Бисенбиев, А.Молдашев, М.Шакиев сынды қолөнершілердің домбыраларымен қатар, И.Арыстанов, Қ.Досниязов, М.Қалимов сынды суретшілеріміздің туындылары таныстырылды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ