2020 жылдың 31 шілдесінде суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Рафаэль Оразбайұлы Слекеновтің жұмысы туралы онлайн-дәріс өтті.
Көрменің мақсаты – ғаламтор тыңдаушыларын суретшінің шығармашылығымен таныстыру және насихаттау.
Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі қорында суретшінің 16 туындысы бар.
Бейне дәрісте суретшінің 8 туындысы ұсынылды: «Таң», «Саяхат», «Аты жоқ өзенде», «Күз. Өзеннің қайнарында», «Бүгін және ертең», «Ымырт», «Саябақ», «Балықшының арманы».
1973 жылы Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген.
1998 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетін музыка және бейнелеу өнері мамандығы бойынша бітірді.
2000 жылы «Жігер-2000» Халықаралық фестивалінде ІІІ орын алды.
2001 жылы IV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде 1 орынға ие болды.
2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, ал 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сурет академиясының корреспондент мүшесі.Тарлан сыйлығының лауреаты. 2005 жылы Римдегі «Ромарт» халықаралық өнер биенналесіне қатысты.
2007 жылы Варшава қаласында өткен Польшадағы халықаралық өнер фестиваліне, 2008 жылы Лодзь қаласындағы «Ади-Арт» халықаралық өнер форумына қатысты.
2010 жылдан бастап Халықаралық суретшілер қауымдастығының мүшесі. Қазақстан, Ресей, Польша, Италия, Шотландия сияқты елдердегі көрмелердің қатысушысы. Фейсбуктегі сілтемесі: https://www.facebook.com/100011081016693/videos/1246201129092576/?t=12 /Көрермен саны: 1100/