1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. «Әрбір азаматтың қартайған кезіндегі өмірін лайықты ету – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарттарымызды әрқашан құрметтеп, сыйлай білуіміз қажет. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең», демекші қарттарын қадір тұтқан елдің ертеңі биік, мерейі үстем болары хақ.Назарларынызға Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастырушы - нұсқаушысы Қалекесова Іңкәр Амангелдіқызы дайындаған «Қарты бар елдің қазынасы бар» атты онлайн дәріс сағатын ұсынамыз. Таныстырушы музейдің экскурсия жүргізушісі Айкөркем Зинелова.