Ата-бабамыздан қалған асыл мұра, ол – қолөнер. Көнеден жеткен қолөнер бұйымдары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан құнды жәдігер болып табылады. Теңдесі жоқ әр жәдігердің тарихы тереңде. Қазақ халқы киіз үйді, қыш ыдыс-аяқтарды, қоржынды, домбыраны, қобызды, қамшыны, киіз-текеметтерді, сауыт-саймандарды, ат әбзелдерін өте даналықпен ойлап тапқан. Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі қорында жергілікті қолөнершілердің туындылары сақталған. Музейдің «Қолөнер залында» орналасқан бұл жәдігерлер музейге келушілердің үнемі қызығушылығын туғызады. Қазіргі таңда Атырау өңірінде көптеген қолөнершілер бар. К.Тыныбеков, И.Ярема, Б. Заурбекова, А.Бапанов, С.Бапанова, К.Жұбаниязова, Ш.Қожаканов, Н.Қалиев, М.Шакиев, К. Айыпқалиев, Т.Қисметов, Қ.Шапабаев, Ж.Қарабалина, Ж.Абуова, Б.Телеубай, Е. Дүйсенғалиев, Л.Қалимова. т.б еңбектері жоғары деңгейде бағалануда! Назарларыңызға ағылшын тілінде экскурсия жүргізуші Ақкенже Белгіқызы дайындаған «Асыл қазына – қолөнер» тақырыбындағы онлайн көрмені ұсынамыз.