Жүрек түкпіріндегі сырын сурет әлеміне сыйғызып, сол сурет арқылы өз сезімін көпшілікке ұсынатын өнер иелерінің әлемі - ерекше әлем. Уақыт өткен сайын жарқырай түсетін, сан ғасырлар өтсе де өзінің мәні мен мағынасын ешқашан жоғалтпайтын құндылықтардың бірі бейнелеу өнері саналады.
Суретті жай ғана сурет деп қарауға болмайды әсте. Нағыз хас шебердің қолынан шыққан туынды қарапайым жанды бір көргеннен-ақ өзіне тарта түсері хақ. Осы тұрғыдан алғанда Қабдол Досниязовтың суреттерінде осындай ерекшеліктер айқын сезіледі.
Небір хас таланттарды тудырған текті Атырау топырағында дүниеге келген, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қ.Досниязовтың музей қоры туындыларынан қор сақтаушы Лукпанова Шынар Салауатқызының дайындаған онлайн дәріс-сағатын назарларыңызға ұсынамыз.