2019 жылдың 4 желтоқсан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «3 желтоқсан- Халықаралық мүгедектер күніне» орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Бояулар сыры» атты облыстық байқау-көрме өткізілді.
Көрменің мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың ерік-жігерін көрсету, талантын ұштап, шығармашылық өнерін халыққа таныту, мүмкіндігі шектеулі балаларға өздері өмір сүріп жатқан қоғамның толыққанды мүшесі, қатысушысы екенін сезінуге мүмкіндік жасау, өз мүмкіндіктеріне сендіру, оларға қолдау білдіру.
Байқауға 70 қатысушының 100-ге тарта жұмысы қабылданды. Байқаудың барлық қатысушылары бағалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар балалардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.
Байқаудың ашылу салтанатына оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер, балалардың жетекшілері қатысты. Барлық қатысушылар көрмеден балалардың туындыларын тамашалады.