Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс – шаралар қолға алынуда.
Сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелері, оның пайда болуы, онымен күрес жүргізудің қылмыстық – құқықтық құралдары қызу пікір таластарын туғызу үстінде. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс – әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сәйкесті буындарды тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді.
Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан – дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді. 9-желтоқсан – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің қорындағы Сағидолла Ахтановтың туындыларынан «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында онлайн көрмені назарларыңызға ұсынамыз.Экскурсия жүргізушісі: Айкөркем Жәнібекқызы.