Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Назарларыңызға «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай «Азаттықтың ақ таңы» тақырыбындағы музей мамандары ұйымдастырған онлайн дәріс-сағатын ұсынамыз.