Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Жаңа жыл қызықтары!» тақырыбындағы бейнелеу өнері студиясы оқушыларының мерекелік көрмесі желтоқсанның 20-да ұйымдастырылды.
Көрмені салтанатты түрде Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі басшысының орынбасары Райымбек Сафиоллаев ашып, балаларға шығармашылық табыс тіледі. Бейнелеу өнері студиясының ұстаздары Елеуғали Дәукенов және Айнель Қуанышбаева оқушыларды және ата-аналарды мерекелерімен құттықтады.
Шара барысында барлық карантиндік талаптар сақтала отырып, студия оқушыларына ойындар өткізілді. Оларға алғыс хаттар мен жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.