Жылдың ең сиқырлы уақыты - қыс мезгілі қылқалам шеберлерінің туындыларында өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, даланың табиғаты тып-тыныш, маужыраған күйде ертегіде жүргендей әсер қалдырады. "Қыстың көзі қырауда" демекші, қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән беріп тұр. Бүгінгі онлайн экскурсиямызда көрсететін С.Романовтың "Айжан құрбысымен", Ә.Қастеевтің “Манғышлақ. Өзендегі қыс”, А.Айтмагамбетовтың “Қысқы әуен”, Г.Мезенцевтің “Қарлы таулар”, Н.Соловьевтің “Біздің стадион”, К.Досниязовтың “Мұз қоймасы” атты туындылары осы бір мезгілдің керемет көрінісін, ғажайып бейнесін айна-қатесіз баяндап тұрғандай. Экскурсия жүргізуші М.Болатова.