Сурет салуды сүю – өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді. Сурет - бұл адамзат баласының заманнан - заманға рухани эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Міне, осындай тамаша туындыларды дүниеге әкелген туа біткен дарын иелерінің бірі, қазақ мәдениетіне айрықша үлес қосқан, бейнелеу өнерінің дарабоз дүлдүлі – Тұрсын Абуов. Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, кескіндемеші Тұрсын Абуовтың Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің қорындағы туындыларымен таныстыра отырып, тақырыптық дәріс-сағатты назарларыңызға ұсынамыз.