«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде музей қоры туындыларынан ретро-көрме ашылды

2021 жылғы 26 ақпан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде музей қоры туындыларынан ретро-көрме ашылды. Мақсаты: музей қорындағы кескіндемелік туындыларды кеңінен таныстыру, суретшілер шығармашылығын насихаттау. Ретро көрмені экскурсия жүргізушілері Айкөркем Зинелова, Мамлакат Болатова, Ақкенже Белгіқызы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстырды. Көрмеге Ж.Шәрденов, М.Кенбаев, Г.Исмаилова, С.Мәмбеев, Ә.Сыдыханов сынды Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшілерінің кескіндемелік жұмыстары қойылды. Сонымен қатар көрермендер Н.Наседкин, И.Стадничук, В.Фролова, Е.Невежин, В.Фарберов, П.Попов сынды қылқалам шеберлерінің таңғажайып туындыларын тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл суретшілер қазақ жеріндегі классикалық кескіндеме өнерінің дамуына өзіндік үлес қосқан. Елімізге танымал жергілікті қылқалам шеберлері М.Қалимов пен Ж.Аралбаевтың да керемет кескіндемелік жұмыстары көрмеден орын алған. Ретро-көрменің алғашқы көрермендері Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледж студенттері мен ұстаздары болды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ