«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Сиынар ем ана деген тәңірге...» тақырыбында шығармашылық көрме

Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған көркемөнер студиясы оқушыларының «Сиынар ем ана деген тәңірге...» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығына қолдау жасау, олардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Көрмеге көркемсурет студиясы оқушыларының 100-ге жуық жұмысы қойылды. Отбасының жылуы, шаңырақ ұйтқысы анаға деген құрметін ақ парақ бетіне түсірген әр оқушының туындысы өзінше бір әлем, өзіндік ғажайыпқа толы бояулар үндестігіне айналған. Шара барысында қызықты ойындар ойнатылып, байқаулар ұйымдастырылды. Оқушылардың барлығына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ