Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. Ер Махамбеттің өршіл өлеңдері өскелең ұрпақ үшін əке қанымен, ана сүтімен бойға дарыған рух күшіндей əсер етеді. Сондықтан Махамбет бабамыздың батырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп дəріптеу керек. Махамбет – ғасырдан-ғасырға жалғаса беретін, уақыт өткен сайын қын түбінде жатпас алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға.
"Махамбет поэзиясы күніне" арналған Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің қорындағы туындылардан «Атадан туған ардақты ер» тақырыбындағы шығармашылық көрмені назарларыңызға ұсынамыз.