2021 жылдың 4 маусымында Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті УГ-157/11 мекемесінің жазасын өтеуші сотталған әйелдер колониясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне» орай сотталғандар мен УГ-157/11 қызметкерлері үшін Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі жылжымалы көрме ұйымдастырды. Музей қызметкерлері М.Болатова, А. Белгіқызы айтулы күннің мәні мен маңызына тоқталып, экскурсия өткізді. Экскурсия басталар алдында көрермендерге ҚР Мемлекеттік рәміздеріне арналған бейнедәріс ұсынылды. Одан кейін музейдің экскурсия-жүргізушісі Мамлакат Болатова аудиторияны Б.Телеубайдың "Ақын ескерткішінің алдында", "Мұнай", "Жеңіс саябағы" картиналары, суретші Э. Жұмабаеваның "Тельман көшесінде" картиналары, қылқалам шебері С. Абзаловтың "Исатай-Махамбет ескерткіші" шығармасы, кескіндемеші А. Жантасовтың "Ескі кеме" және т. б. осы секілді жергілікті суретшілердің плэнерлік жұмыстарымен таныстырды. Жалпы, экскурсия қызықты өтті, көрермендер қуана тыңдады. Атырау қаласының қылқалам шеберлерінің суреттерін қызығушылықпен қарады. Іс-шара ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және дұрыс қолдану және сотталғандарды Атырау қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында өткізілді.