«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Сын сағатта сынбаған...» атты оқушылардың сурет көрмесі

2021 жылғы 10 маусымда Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде музей жанындағы «Бейнелеу өнері студиясы» оқушыларының 2021 жылы Семей полигонының жабылғанына, яғни, «Невада-Семей қозғалысына – 30 жыл» толуына арналған «Сын сағатта сынбаған...» атты оқушылардың сурет көрмесі өткізілді.

Мақсаты: қазақ даласына үлкен қасірет әкелген – Семей полигоны туралы, ядролық қарудан бас тартқан егеменді еліміз туралы оқушыларға ұғындыру. "Невада-Семей" қозғалысының арқасында қазақ жерінде көптеген адамның өмірін жалмаған ядролық қаруды сынақтан өткізу тоқтатылды.

Семей полигоны — КСРО-ның ядролық сынақ жүргізуге арналған аса маңызды стратегиялық объектілерінің бірі болды. Оны ашу үшін 18 миллион гектар жер бөлінген болатын. Бастапқыда сынақтар жер бетінде жүріп, адамдар мен қоршаған табиғатқа айтарлықтай зиян келді. Кейін сынақтар тек жер астында жүргізіле бастады. Атом бомбаларының жарылысы жергілікті тұрғындар үшін ауыр тиіп, 500 мыңдай адам азап шекті. Полигон, дәлірек айтсақ, Курчатов қаласында, реакторлар кешенінде, "Сары-Өзен", "Г", "Балапан", "Ш" сынды алаңдарда жүргізілді. Осы жерлерде барлығы 456 ядролық жарылыс болды, ішінде 116-сы ашық аспан астында өткізілді.

Мамандардың айтуынша, Семей полигонында өткізілген ядролық жарылыстардың қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп.

Сынақ барысында адамдар мен төрт түлік мал уақытша басқа жерге көшірілді. Бірақ жарылыс біткен соң олар үйлеріне қайтып оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйдің терезесінің шынысын ұшырып, қабырғаларын қиратты. Кейде отбасылар үй-күйсіз қалып жатты. Қазақ даласына үлкен қасірет әкелген – Семей полигонының жабылғанына 30 жылға жуықтады. Бірақ, сынақтар тоқтаса да, зардабын адамзат осы уақытқа дейін тартып келеді. Семей экологиялық апат аймағына айналды. Бірақ, тәуелсіздік алысымен елдің бірінші мақсаты ядролық қарудан бас тарту болды. Алайда, ол шешім оңайға соққан жоқ.

Талай жанға қасірет әкелген Семей полигонындағы соңғы сынақ 1989 жылдың қазанында болған. Бірақ, арада аттай 30 жылға жуық уақыт өтсе де аймақта радиация қаупі жоғары. Ал, жыл сайын алғаш ядролық сынақ өткізілген 29 тамыз күні «Халықаралық ядролық қарудан бас тарту күні» болып атап өтіліп келеді.

«Сын сағатта сынбаған...» тақырыбында сурет салған оқушыларға экскурсия жүргізуші Ақкенже Белгіқызы «Невада-Семей» қозғалысына – 30 жыл» туралы дәріс–сағатын өткізді. Оқушылар осы тақырыптағы өз ойын қағаз бетіне түсірді. Музей қорында суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Альберт Гурьевтің «Олжас Сүлейменовтың портреті» туындысы туралы кеңінен әңгімелеп, экскурсия өткізді. Шараға қатысқандар саны: 15.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ