Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінде “Нәубет жылдар жаңғарығы” атты тақырыптық дәріс сағатты назарларыңызға ұсынамыз!
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.
Дәріс сағатты жүргізген экскурсия жүргізушісі Белгіқызы Ақкенже