2021 жылдың 16 шілдесінде сағат 11:00 де Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінде КСРО Суреттер Одағының мүшесі, Кескіндемеші, акварелист Дмитриев Валентин Дмитриевичтің 95 жылдығына арналған тақырыптық дәріс сағат өтті. Дәрісте суретшінің өмірбаяны мен картиналары туралы оқушыларға мәліметтер берілді. Суретшінің «Іле мен Қапшағай», «С.Балахов бейнесі», «Бүркітбаев бейнесі», «Андропов бейнесі» картиналарын экскурсия жүргізуші Белгіқызы Ақкенже таныстырды.
Мақсаты: Оқушыларға суретшінің шығармашылығымен таныстыру.