«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Бұл менің Ұлы мекенім!» атты табиғат аясында республикалық суретшілердің пленэрі өтті

Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі ұйымдастыруымен қазақ музыкасы мен әдебиетінің арасына алтын көпір орнатып, руханияттың қос қырына қанат бітірген, бірінің сырын екіншісі арқылы дамыта білген Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Дәнекер» және «Отан» ордендерінің иегері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Илья Жақановтың 85 жылдығына арналған 2021 жылдың 1-6 қыркүйегі аралығында «Атырау-Орал-Ақтөбе-Атырау» бағытында «Бұл менің Ұлы мекенім!» атты табиғат аясында республикалық суретшілердің пленэрі өтті. Ал 6 қыркүйек күні экспедиция-пленэрдің салтанатты түрде қорытынды көрмесі өткізілді.

Республикаға танымал суретшілердің бас қосқан пленэрінде «Бұл менің Ұлы мекенім!» тақырыбының мәні мен мазмұнына сай, Атырау қаласынан бастау алып, Батыс Қазақстан облысында Жайық бойын бойлаған ел келбетін, Жайық бойы, Ойыл өзені, Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауданының «Абат-Байтақ» тарихи-мәдени кешенін, ел мен жердің тарихы, тарихи-мәдени нысандар ата-бабаларымыз мекен еткен өзен аңғарын, кескін-келбетін кенеп бетіне түсірді.

Пленэрге республикамыздың түкпір-түкпірінен белгілі суретшілер қатынасып, өз шығармашылығымен тәжірибе алмасты. Табиғат аясында салынған плэнер жұмыстары бүгінде Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің қорында сақтаулы.

Көрме барысында экспедиция пленэр қатысушылары салтанатты түрде қарсы алынды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменова Б.Қ. қорытынды көрменің ашылу салтанатымен құттықтап, алғыс хаттар мен сертификаттарын табыстады.

Алматы қаласынан келген суретші, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағы Басқармасының төрағасы Өмірбек Жұбаниязовқа сөз берілді.

Көрмеде ҚР Мәдениет қайраткері Ханзада Сахыпова мен республикалық Р.Бағланова атындағы конкурстың лауреаты Назым Шаймарданованың орындауында ән тыңдалды.

Сапар сәтімен бөлісу үшін Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Еңбек сіңірген қайраткері, өнер майталманы, мерей той иесі И.Жақановқа сөз берілді.

Кешіміздің соңында пленэр бойынша буклет таратылып, бейнелеу өнері студиясының оқушылары И.Жақанов ағамыздан қолтаңба алды. «Бұл менің Ұлы мекенім!» атты республикалық пленэрінің қорытынды көрмесін ашу үшін салтанатты лента қию рәсімі өткізілді. Лента қию рәсімі белгілі қылқалам шебері И.Жақанов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменоваға берілді. Көрмеге жиналған қала тұрғындары мен қонақтары суретшілердің пленэр жұмыстарын көрме залынан тамашалады.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ