2021 жылдың 1 қазанында Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде "Күз кереметі" тақырыбында дәріс сағаты өтті. Музей қорынан А.Атмағамбетовтың "Ерте күз", Ж. Аралбаевтың "Күзгі толқыныс", М. Саносянның "Кент", Г. Акимниязованың "Алматы туралы естеліктер", А. Жантасовтың "Сарытоғай. Алтын ағаш" секілді картиналар ұсынылды.
Табиғат әрқашан адамды таң қалдырады және шабыттандырады. Ол тек жазушылар мен ақындар үшін ғана емес, суретшілер үшін де муза болды. Егер ақын эпитеттер мен метафораларды қолдана отырып әлемнің сұлулығын өлең жолдарына жазса, ал суретші бояуларды қолданады. Бояу - кескіндеменің жаны. Ол өзімен бірге тек бояу сипаттамасын ғана емес, сонымен қатар психологиялық сипаттамалар мен эмоцияларды бірге алып жүреді.
Дәріс сағатын Ш.Сариев атындағы Өнер музейі бейнелеу студиясының оқушыларына экскурсия жүргізуші М. Болатова өткізді.