«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Тереңнен толғар тарихы бар, елі – шырайлы, ой мен қыры – мұнайлы, әрбір ерін ардақтаған, бір шеті кәрі Каспиймен

Тереңнен толғар тарихы бар, елі – шырайлы, ой мен қыры – мұнайлы, әрбір ерін ардақтаған, бір шеті кәрі Каспиймен, енді бір шеті құм Нарынмен астасқан, батыр баба есімін иеленген Исатай ауданының жұртшылығы қазақ өнерінің жанашыры, өнертанушы, суретші Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, суретші, композитор Илья Жақановты үлкен қошеметпен қарсы алды. Қазақы бітім-болмысы бұзылмаған, ұлттың ұйтқысына айналған киелі құм Нарын аймағы қашанда таланттыларын бағалай білген ел. Композитор картиналарын көруге асыққан жұрт Хамит Ерғалиев ауылында бас қосты. Қылқалам шебері Илья Жақанов «Бұл менің Ұлы мекенім» аталатын түрлі тақырыпты қамтитын туындыларын көпшілікке ұсынды. Шығармашылық көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Еркін Бозжігітов, жазушы, журналист Тарас Наурызәлі композитордың суретшілік қырына тоқталып, көрмеге қойылған туындылары туралы әңгімеледі. Кездесу кешінде Исатай ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Сисатов, Қамысқала селолық округінің әкімі Рафиғат Әнуарбекқызы кеш қонағына алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Кеш барысында Исатай ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Жұмажан Қадимов біртуар тұлғаның бойындағы өнер зерттеушісі ретіндегі ерекше еңбегінен бөлек, суреткерлік қырына тәнті екендігін айтып, тума талант иесіне сурет әлеміндегі жаңалығы мен жетістігі мол болсын деген әдемі тілегін жеткізді. Кездеуге жиналған көпшілік суретшіге жеке шығармашылығы туралы сауалдарын қойып, үлкен қызығушылық танытты. Көрмеге қойылған суреттері таныстырылды. Қылқалам шебері ән өнерімен байланысты Қазақстан табиғаты мен өнердегі тұлғалардың портреттерін бейнелей отырып, сурет әлеміне өз қолтаңбасын қалдырған. Картиналары «Толағай тауы» мен атақты «Жайлаукөл кештері» болып жалғасады.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ