2021 жылдың 17 қарашасында Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 17 қараша - студенттер күніне арналған музей қоры туындыларынан көрме өтті, оған Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 1-курс студенттері қатысты.
Бүгін студенттер күні әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі. Әр елдің атап өту бағдарламалары әртүрлі болғанымен, бұл күн студенттер арасында өте танымал. Іс жүзінде бірде-бір жоғары оқу орны думанды және көптен күткен мерекеден тыс қалмайды.
Экскурсия барысында студенттерге музей қорындағы суретшілердің картиналарымен, сонымен қатар, қолданбалы өнер жұмыстарымен танысу қызық болды. Экскурсия жүргізуші М. Болатова студенттерге музей залдарынан экскурсия жүргізді.