2021 жылдың 25 қараша күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 кезең, 30 жыл» тақырыбында кәсіпқой суретшілер арасында республикалық байқау-көрмесі өтті.
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – бұл біздің жетістіктерімізді саралап, болашақтың міндеттерін айқындау мүмкіндігі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған 30 жыл ішіндегі жеткен жетістігін, даму кезеңдерін кенеп бетіне түсіру.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Қазақстан тұңғыш рет әлемдік қоғамдастық мойындаған, заңнамалық тұрғыдан рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болды.
Қазіргі Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі, өсіп келе жатқан экономикасы, біртұтас халқы мен болашаққа деген үлкен жоспары бар ел.
Республикалық байқау-көрмесін салтанатты түрде ашу үшін сөз Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Т.Орынбасарұлына берілді.
Әрбір азаматтың бойына тәуелсіз әрі қуатты мемлекетті қалыптастыруға қатысым бар деген сезімді ұялата отырып, еліміздің барлық жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған «30 кезең, 30 жыл» кәсіпқой суретшілер арасындағы республикалық байқау-көрмеге Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен 24 суретші қатысты. Байқау-көрмені сараптаған әділқазылар төрағасы ҚР Суретшілер Одағы Басқармасының төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы.
Әділқазы мүшелері ҚР «Мәдениет саласының үздігі», КСРО және ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Аманов Қамбарбек Хасенұлы;
ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының Бас суретшісі Мұхтаров Темірбек Мажитұлы.
Комиссия төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы ҚР Тәуелсіздігі туралы және байқау-көрме туралы өз ойын айтып, сөз сөйледі.
Байқау көрмеде 15 суретші мадақтамамен, 2 суретші жүлделі III орынмен, 2 суретші жүлделі ІІ орынмен және 1 суретші жүлделі І орынмен марапатталды.
Атап кететін болсақ,
1.Кендір Отарбай Қанатұлы, «ҚазақстанКаспийШельф» туындысымен, Атырау қаласынан
2.Телеубай Бақтыгерей Селдірұлы, «Дәстүр» туындысымен, Атырау қаласынан
3.Әміржанов Нұрбол Ерболұлы, «Ғасырлар тоғысында» туындысымен, Орал қаласынан
4.Салиев Бақыт Алпамысұлы, «Хан-шатыр» туындысымен, Атырау қаласынан
5.Исім Арыстанов, «Тәуелсіздік таңы» туындысымен, Атырау қаласынан
6.Абзалов Сағын Көпжасарұлы, «Кентавр» туындысымен, Атырау қаласынан
7.Мусина Халифа Сейтжанқызы, «Бабамның шаңырағы» туындысымен, Атырау қаласынан
8.Алиев Сарсенбай Салменұлы, «Тәуелсіздік таңы» туындысымен, Нұр-Сұлтан қаласынан
9.Қалиев Нұрсұлтан Молдағұлұлы, «Мақсат» туындысымен, Атырау қаласынан
10.Даулетияров Манарбек Шариполлаұлы, «Ұлт Таңбасы» туындысымен, Атырау қаласынан
11.Даукенов Елеуғали Тұрсынғалиұлы, «Тепе-теңдік» туындысымен, Атырау қаласынан
12.Бертаев Бейбіт Нарынбекұлы, «Ғасырлар үні» туындысымен, Шымкент қаласынан
13.Қисметов Талғат Геннадийұлы, «Берекелі шаңырақ» туындысымен, Атырау қаласынан
14.Табылды Мұқатов, «Жайлаудағы түн» туындысымен, Алматы қаласынан
15.Айтуарова Людмила Еділқызы, «Тұлпардың жаңғыруы» туындысымен, Нұр-Сұлтан қаласынан.
Жүлделі ІІІ орын иегерлері қаржылай 175 000 жүлде қорымен Утаралиев Айса Бахтиярұлы, «Тағзым» туындысымен, Атырау қаласынан
Рахметов Мұрат Сафиоллаұлы, «Шуақ» туындысымен, Атырау қаласынан,
ІІ орын иегерлері қаржылай 225 000 жүлде қорымен Айбек Абдрашит, «Желтоқсан» туындысы, Алматы қаласынан,
Қами Айтқалиев, «Жаңарған өлке, Атамекен» туындысымен, Алматы қаласынан марапатталды.
І орын иегері Республикалық байқау-көрмесінің жүлделі 350 000 тг жүлде қорымен, Орал қаласынан келген суретші Отаров Мэлс Тасқалиұлы, «Аманат» туындысы,
Кешіміздің соңында «30 кезең, 30 жыл» республикалық байқау-көрмесін ашу үшін лента қию рәсімі өткізілді. Көрермендер байқау-көрме туындыларымен танысты.