1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы айтулы күндердің бірі. Өйткені 30 жыл бұрын осы күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев егемен елдің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Сол сәттен бастап ел тағдыры Ұлт көшбасшысының қолына сеніп тапсырылды.
Қазақстанның тағдырын өз қолына алған ұлт көшбасшысы 1991 жылы 16 желтоқсанда бабаларымыздың арманына айналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл елге жариялау бақытына ие болды.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. "1 желтоқсан - Президент күніне" арналған "Ұлт көшбасшысы" атты фото көрмеге №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейінің 2 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Қобдағанова Алтынгүл Сағидоллақызы қатысып, музей залдарынан экскурсия тыңдады.