2021 жылдың 3 желтоқсан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «3 желтоқсан- Халықаралық мүгедектер күніне» орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Мейірім шуағы» атты облыстық байқау-көрме өткізілді.
Көрменің мақсаты: балалардың ерік-жігерін шыңдау, талантын ұштап, шығармашылық өнерін халыққа таныту; бейнелеу іс-әрекетінде, сәндік-қолданбалы шығармашылықта балалардың шығармашылық әлеуетін анықтау және ынталандыру, сондай-ақ шығармашылық қызметті ынталандыру және қолдау арқылы әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу; балалардың шығармашылық әлеуетін ашу; балалардың шығармашылық қабілеттерін оларды конкурстық қызметке қосу арқылы ынталандыру; дербестікті, шығармашылық істі және жеке көзқарасты дамыту; көркем-эстетикалық талғамды дамыту; мүмкіндігі шектеулі және даму ерекшеліктері бар балалардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, жас дарынды таланттарды ашу.
Байқауға 114 оқушының жұмысы қабылданды. Байқау болған соң оның жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ өз белсенділігін танытқандар да жетерлік. Осы жұмыстардың ішінде 6 жүлде қоры, 100 балаға ынталандыру мадақтамасы мен сыйлығы және 8 оқушыға тек ынталандыру алғыс хаты табыс етілді.
ІІІ орын иегері Болатова Мөлдір Манарбекқызы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті, «№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, ІІІ орын иегері Тұрсынғали Айару Қуанышқызы, Атырау қаласы, №14 Чехов атындағы орта мектеп, ІІІ орын иегері Сатанова Ева, Атырау қаласы, №3 мектеп-гимназия оқушысы.
ІІ орын алған Кусаинова Милана Талгатқызы, Атырау қаласы, Бесікті орта мектеп-интернатынан, ІІ орын алған Мерзажан Бекарыс Мейрамбекұлы, Атырау қаласы, Қ.Смағұлов атындағы орта мектептен. Ал жүлделі І орынға Эльдарұлы Бекзат, Атырау қаласы, Береке орта мектебінің оқушысы ие болды.
Байқаудың ашылу салтанатына оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер, балалардың жетекшілері қатысты. Барлық қатысушылар көрмеден балалардың туындыларын тамашалады.