«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Құнды қор» жобасы

2022 жылдың 31 қаңтар күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде әр айдың соңғы күні әртүрлі тақырыпты қамтитын арнайы online «Құнды қор» жобасын назарларыңызға ұсынамыз. «Құнды қор» жобасының қаңтар айын қорытындылайтын алғашқы тақырыбы «Қиялдағы қыс бояуы».
«Құнды қор» жобасын өткізудегі негізгі мақсат – ел мәдениетінің мәйегі саналатын музейіміздің «Құнды қорындағы» туындыларды таныстыру. Табиғаттың әр маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Соның ішінде ең ұлы пейзажды жасайтын - қыс мезгілі. Суретшілер осы ерекше көріністі кенеп бетіне өте бай лирикалық тұрғыда шебер арман-қиялымен ұштастырып жазады. Жоба барысында Республикаға танымал қылқалам шебері Отаралиев Аиса Бақтиярұлымен қыс пейзажы тақырыбында сұхбат алынды. Айса Бақтиярұлы Жайық жағасындағы көріністі кенеп бетіне түсіріп, арнайы сұхбат берді. Алдағы уақытта бейнелеу өнері және қолданбалы-сәндік өнер бағытын қамтитын түрлі тақырыптағы бейнежазбалар әрбір айдың соңында музей көрермендеріне желі арқылы жол тартады.  
«Қиялдағы қыс бояуы» жобасын дайындағандар: экскурсия жүргізушілері – Дюсенғали Аида, Аманкосова Мархабат, Болатова Мамлакат, ұйымдастырушы нұсқаушы - Абдулхаирова Маншук.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ