«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Өлкесін өнерімен өрнектеген» тақырыбындағы шығармашылық көрмесі өтті

2022 жылдың  3 ақпан  күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы  көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қами Айтқалиевтің шығармашылығы  графика, монументалдық жұмысы, майлы бояу кескіндеме, қолөнері туралы және музей қоры туындыларынан  «Өлкесін өнерімен өрнектеген» тақырыбындағы шығармашылық көрмесі өтті.

 Шараның мақсаты: ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қами Айтқалиевтің шығармашылығымен кеңінен таныстыру. Соның ішінде графикасы, монументалдық жұмысы, майлы бояу кескіндемесі мен қолөнері туралы мағлұмат беру.  Сонымен қатар, Ш.Сариев атындағы Өнер музейінің қорындағы суретшінің шығармаларымен таныстыру.

 Ұлт мәдениетін зерделеуде бейнелеу өнері үлкен ықпал етеді.Өзіміздің мәдениетімізді насихаттауда Қами Айтқалиев секілді суретшінің туындылары қылқаламды серік еткен жастарға  үлгі болары  сөзсіз.

 Қами Айтқалиев графика, монументалдық жұмыс, майлы бояу кескіндемесі мен көркем-қолтаңбалы өнерімен айналысады. Суретшінің қылқаламынан шыққан туындыларынан оның өз халқына, туған жері мен табиғатына, дәстүріне ерекше тебіреніспен қарайтыны сезіледі. 

 Көрмеге Қами Айтқалиевтің «Қош келдіңіз», «Жаңарған өлке, Атамекен», «Өлең сөздің патшасы ...», «Желсіз түнде жарық ай » секілді туындылары қойылды.

Шараға Шаймардан Сариев атындағы Өнер музейінің жанындағы «Бейнелеу өнері» студиясының оқушылары қатысып, суретшінің өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ