2022 жылдың 3 наурыз күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған көркемсурет студиясы оқушыларының «Ана – өмірдің гүлі» атты көрмесі өтті.
Шараның мақсаты: Жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығына қолдау жасау, дарынды талант иелерін табу, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Көрмеге көркемсурет студиясы оқушыларының 15 жұмысы қойылды. Әрбір жұмыс ерекше, үлкен ықылас пен сүйіспеншілікпен бейнеленген. Кез-келген сурет балалардың шынайылығы мен энергетикасына толы. Суреттер гуашьпен, акварельмен және түрлі-түсті қарындашпен салынған. Көрменің ашылу салтанатында концерттік бағдарлама, қызықты ойындар ойнатылып, байқаулар ұйымдастырылды. Оқушыларға сыйлықтар табысталып,алғыс хаттармен марапатталды.