2022 жылдың 18 наурыз күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесіне арналған «Жыл басы – Наурыз!» атты музей қоры туындыларынан көрме өтті.
Шараның мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесінің маңыздылығы туралы түсінік беру. Өнер музейі қорындағы Наурыз мерекесіне және қазақ халқының дәстүрлеріне байланысты туындыларды насихаттау.
Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болуымен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді жас ұрпақ бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбиелейтін ұлттық мейрамымыз.
Көрмеге Сейсенхан Махамбетовтың «Атқа мінсем құйындатып», Қами Айтқалиевтің «Қош келдіңіз», Абзалов Сағынның «Көкпар», Жоламан Аралбаевтың «Ауылдағы той», «Күту», Қабдол Досниязовтың «Беташар», «Қазақтың ұлттық мейрамы», Қамбарбек Амановтың «Дастархан», «Қыз қуу», «Жүн сабау», «Киіз басу», Айса Отаралиевтың «Дәм», Кендір Отарбайдың «Ұлы дала», «Құрақ», Тұрсын Әбуовтың «Отырар сазы», Надежда Эксузьянның «Қыз жібек әні» және осы секілді т.б. туындылары қойылды.
Шараға Атырау қаласының тұрғындары мен меймандары қатысып, ерекше әсер алды.